15 қазан 2015 17:13

Алматыда ұрылар 96 жастағы тыл еңбеккерінің пәтерін оның көзінше тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ұрылар тыл еңбеккері әрі Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Шарбан Анапиеваның пәтерін тонап кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның қызы Шолпан айтып берді.


Ұрылар тыл еңбеккері әрі Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Шарбан Анапиеваның пәтерін тонап кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның қызы Шолпан айтып берді.

Оқиға 14 қазан күні Бостандық ауданында болған. Шолпанның айтуынша, күндіз сағат 12.00 шамасында Анапиеваның немересі үйден шығып, есікті құлыптап кеткен. Арада бірнеше минут өткенде пәтерге екі ер адам кіріп келіпті. Ал бұл кезде 96 жастағы кейуана төсекте жатқан.

"Ол қорыққаннан қозғала алмаған да шығар. Ол төсекте ұрыларға қарап жата берген. Ал олар үндеместен оның сандығын, шкафын ашып, заттарын алып шыққан. (...) Олар мұның барлығын анамның көзінше істеген. Әккі ұрылар болғанға ұқсайды. Олар егде жастағы адамды тапа тал түсте тонады", - деді ол. 

Оның айтуынша, ұрылар құлыпты сындырмаған, есікке келетін кілтті тауып, ашқан көрінеді. Ұрылар алтын бұйымдарды, тон мен ноутбукты алып кетті. Бейнебақылау камераларының көмегімен ұрылардың үшеу болғаны анықталды. Олардың біреуі далада қарауылдап, екеуі пәтерге кірген.

Зардап шеккендер полицияға арыз жазды. Қалалық ІІД мамандары бұл деректі растады. "Белгісіз біреулер пәтерге кіріп, жеке мүлікті қолды қылды. Шығынның көлемі шамамен 200 мың теңге. Бұл дерек Бостандық аудандық ІІБ сотқа дейінгі бірыңғай реестріне "Тонау" бабы бойынша тіркелді", - деді қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек. Жедел топ құрылып, тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети