18 ақпан 2014 18:30

Алматыда ұрылардың қатары екі есе көбейген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Алматыда ұрлық жасаған адамдардың қатары екі есе көбейді деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Прокурорлардың мәліметінше, оңтүстік астанада азаматтардың жеке мүлкі ұрлығының алдын алудың аймақтық бағдарламасы іске асырылып жатыр. 2013 жылы мегаполистің барлық ауданында полиция мен прокуратура қызметкерлерінен тергеу-оператив топтары құрылған. Олардың көмегімен пәтер ұрлығына маманданған 34 топтың әрекеті әшкереленді, олардың 154 пәтерде болған ұрлық бойынша кінәлері дәлелденді. Сонымен бірге, автокөлік тонауға машықтанған 28 топтың мүшелері де ұсталды. Олардың 93 эпизод бойынша қылмысы әшкереленді. Жедел топтар көлік ұрлаумен айналысқан 259 адам мен 12 топты қолға түсірген, қалта тонаумен айналысқан 801 адам ұсталды. Жүйелі түрде ұрлық жасамағанымен, бірлі-екілі деректер бойынша көзге түскен тағы 418 сұғанақ та анықталды. Жиі ұрланған мүлік - ұялы телефондар. "Статистика бойынша қалада тіркелетін қылмыстардың 60%-ы - ұрлық, бұл қылмыстар азаматтарға шығын келтіріп, тыныштығын алып отыр. Қазіргі уақытта ҚР "Байланыс туралы" Заңына сәйкес, тұтынушылардың келісімі бойынша ұялы байланыс операторлары ұрланған телефондарды құлыптайтын болды. Бұл жайт ұрылардың өзгенің телефондарына қызығушылығын азайтады", - дейді прокуратура қызметкерлері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети