22 ақпан 2016 09:50

Алматыда заңсыз ашылған екі ойынхана жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы ІІД © Алматы ІІД

Алматыда полицейлер заңсыз ашылған екі ойын мекемесін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда полицейлер заңсыз ашылған екі ойын мекемесін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойын залдарының бірі "Ақсай-2" ықшамауданында орналасқан. Ол жерден полицейлер 18 компьютер, сонымен қатар 323 мың теңге ақша тәркіледі. Ойын барысын басқарып жүрген 36 жастағы әйел қылмыстық жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаладағы бильярд клубтарының бірінен ойын құрылғыларын тапты. "Покер" ойыны өтіп жатқан клубтан ойын карталары мен фишкалар, сонымен қатар адамдардың ойнағаны түсірілген бейнежазбалар табылды. Тәркіленген заттар қылмыстық істің айғақтары ретінде тіркеуге алынды. Бұл жолы клуб иесі жауапқа тартылды. Айта кетейік, мекеме ҚР "Ойын бизнесі туралы" заңында көрсетілген талаптарға бағынбаған", - деді ведомство өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети