25 қыркүйек 2017 15:58

Алматыда жалған iPhone смартфондарын жасаумен айналысқан цех анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда жалған iPhone смартфондарын жасаумен айналысқан астыртын цех анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндірме жұмыстарының басқармасына сілтеме жасап.

Цехтің "Аэровокзал" сауда орталығының аумағында жұмыс істегені анықталды. Тексеріс кезінде 30-дан аса жалған телефон дайын болған. Жалған Iphone смартфондары Қазақстанның басқа өңірлеріндегі жекеменшік тұлғаларға сатылған. Сондай-ақ, ол телефондардың қаладағы Орталық әмбебап дүкенінде сатылғаны анықталды.

"Контрафактілік өнімді түпнұсқадан оны ашпай ажырата алу мүмкін емес, себебі, смартфондарды дайындағанда олар жүйелік тақтаның түпнұсқасын қолданған. Ал телефонның басқа бөліктері жалған бөлшектерден жасалған", - делінген МКД хабарламасында.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабы бойынша ("Тауар белгісін заңсыз пайдалану") қылмыстық іс қозғалды. Кейінірек ол тергеу жұмыстары үшін сот органдарына жолданады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети