26 ақпан 2018 17:21

Алматыдағы караоке-бар қожайынының өліміне қатысты басты сот отырысы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отбасы мұрағатынан алынған сурет Отбасы мұрағатынан алынған сурет

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында караоке-бардың иесінің өліміне қатысты басты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында караоке-бардың иесінің өліміне қатысты басты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Сот алдына екі ер адам келіп отыр. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7,9-тармақтары бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

Тағы бір күдікті қыз қолхатпен бостандықта жүр. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша, 28-бабының 4-бөлігі бойынша ("Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi") және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі 1-тармағы ("Бұзақылық") бойынша күдікке ілініп отыр.

Алайда қыз сот отырысына қатысқан жоқ.

"(...) Күдіктігі қоңырау соқтым, телефоны сөндірулі. Адвокатына хабарластым, ол сотқа дейін ешқандай келісімшартқа отырмағандарын айтты. Ордер жоқ", - деді мемлекеттік айыптаушы.

Осыған байланысты сот отырысы кейінге 28 ақпанға қалдырылды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы орталығында караоке-бардың иесін белгісіз біреулердің өлтіріп кеткені хабарланған болатын. "Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Л. және Н. есімді екі ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау абақтысына қамалды және жасаған қылмыстарын мойындап жатыр", - деп хабарлаған еді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал кейінірек өлтірілген бизнесменнің жесірі прокуратураға арыз жазған болатын. "Қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3,7,9 бөлітеріне ауыстыруын сұраймын. Яғни, "кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан" қылмысқа өзгертуін сұраймын. Сондай-ақ, осы төбелеске қатысты басқа да адамдардың (екі жігіт пен бір қыз) жауапкершілікке тартылуын талап етемін", - делінген еді Ләззат Нұрымованың прокуратураға жазған хатында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети