28 сәуір 2016 08:39

Алматыдағы караоке-барда астыртын секс-притон жұмыс істеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы караоке-барлардың бірінің қызметкерлері притон ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыдағы караоке-барлардың бірінің қызметкерлері притон ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлерінің бастапқы болжамы бойынша, заңсыз әрекетке караоке-бардың 36 жастағы директоры жетекшілік еткен. Қылмыстық іс бойынша жалпы алты адам күдікті ретінде қудаланып отыр.

"Арнайы операция кезінде бес әйел мен бір ер адам ұсталды, олар притон ұйымдастырып, жеңгетайлықпен айналысқан, яғни барға келушілерге қыздардың интим қызметін ақшалай сыйақы үшін ұсынумен айналысқан", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" бабы бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта қылмыстық топтың өзге де заңсыз әрекеттерін анықтауға арналған жедел және тергеу шараларының кешені өтіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети