19 сәуір 2017 13:40

Алматыдағы Төле би мен Әуезов қиылысында атыс шығарғандардың бірі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматыда Төле би мен Әуезов қиылысында атыс ұйымдастырушыларының бірі қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Төле би мен Әуезов қиылысында атыс ұйымдастырушыларының бірі қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы жарияланған еді. Кадрдың арғы жағында адам тапанша ұстаған жігітті өзін атуға жымысқы әрекет жасайды. Тапанша ұстаған жас жігіт басында Әйтиев көшесіне кетіп, содан кейін оқ ата бастайды. Видеодағы көрініс бойынша төрт рет оқ атылған.  

Ескерту, видеода былапыт сөздер айтылады!


Видео kris_p_almaty/Instagram

Алматы қалалық ішкі істер департаменті оқиғаның бірнеше күн бұрын таңғы сағат 06:00 шамасында Әуезов және Төле би көшелерінің қиылысында болғанын мәлімдеді. Барлық жанжал бір адамның екіншісінің иығынан қағып кеткенінен басталған. Полицияның мәліметінше, оқ атқан жігіт травматикалық Streamer маркалық қаруын қолданған. 

"Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша Біріңғай реестрге тіркелген. Қару тіркелмеген болып шықты. Ер адам ұсталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оны қамауға алу туралы шешім шығарды. Streamer тапаншасы тәркіленді. Осы оқиғаның салдарынан жәбірленушінің тісі зақымданған", - деді Алматы ІІД өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети