Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

"Алматыэлектротранс" ЖШС 76 миллион теңгенің жымқырылуы себебін түсіндіруге тырысты

14 Наурыз 2014, 21:53
0
Валидатор жүйесін өлшемі сай кез келген бөтен тиынмен алдауға болады. ©Әлішер Ахметов
Валидатор жүйесін өлшемі сай кез келген бөтен тиынмен алдауға болады. ©Әлішер Ахметов
Бөтен монета салған алаяқтар 20 теңге ақша қайырып ала алады. ©Әлішер Ахметов
Бөтен монета салған алаяқтар 20 теңге ақша қайырып ала алады. ©Әлішер Ахметов
©Әлішер Ахметов
©Әлішер Ахметов
©Әлішер Ахметов
©Әлішер Ахметов
Жолаушылардың валидаторға салған тиындары арасында советтің де, шетелдің де монеталары бар. ©Әлішер Ахметов
Жолаушылардың валидаторға салған тиындары арасында советтің де, шетелдің де монеталары бар. ©Әлішер Ахметов
©Әлішер Ахметов
©Әлішер Ахметов
 ©Әлішер Ахметов
©Әлішер Ахметов
Алматы троллейбус паркі. ©Әлішер Ахметов
Алматы троллейбус паркі. ©Әлішер Ахметов
Алматы троллейбусы жүргізушілерінің айына алатын жалақысы 27 мың теңге ғана. Tengrinews.kz тілшісіне осылай деп "Алматыэлектротранс" компаниясының қызметкерлері шағымданды. Арызданушылардың айутынша, бұл сома жергілікті троллейбус паркінің бекіткен жоспарын орындау мүмкін болмағандықтан туындаған. Кейбір қызметкерлер жұмыстың қатаң талабы валидатордан ақша ұрлауға да мәжбүрлейтінін мойындайды. "Ай бойына ешқандай демалыссыз тынбай жұмыс істейсіз, таңғы төртте ұйқыдан тұрып, алты жарымда рөлге отырасыз, содан кешкі онға дейін дамыл жоқ" дейді 48 мың теңге алатын компания жұмысшысы.



Өз кезегінде компания басшылығы троллейбус жүргізушілерінің төмен жалақысын қызметкерлерінің жұмыс тәртібін жиі бұзатындығымен, көбіне жұмысқа келмей қалатындығымен түсіндіреді. Жүргізушілердің айтуынша, кәсіпорын өкілдері жұмысқа аларда 110 мың теңге жалақы ұсынады. "Алматыэлектротранс" бас директорының орынбасары Хабибулла Сайдуллаев жүргізушілердің 19 пайызы 220 мың теңгеден жоғары, 40 пайызы - 150-ден 200 мыңға дейін, ал қалғандары 100 мың теңгеге дейін жалақы алатындығын айтады. Сондай-ақ ол әр жоспарды белгілеу кезінде маршруттың жолаушыларынан қанша ақша түсу мүмкіндігі сарапталатынын жеткізді. "Троллейбустар жоспарында белгіленетін сома - күніне ең көп дегенде 25 мың теңге. Бұл еш қиындықсыз күні бойына жинауға болатын нақты сома. Мұны жұмысына адал қызметкерлер дәлелдеп те беріп жүр" - дейді Сайдуллаев.

"Алматыэлектротранс" ЖШС валидатордан ақша ұрлау муниципальдық автобус паркінде 76 миллион теңгенің жоғалуының бір себебі деп атайды. Еске сала кетелік, бұл ақшаның ұрлығына ведомства басшылары айыпталып отыр. Ал "Алматыэлектротранс" ЖШС өкілдері ақша ұрлығы туралы мәліметті БАҚ-тан бірінші рет естігендерін айтады.

Ақшаның жетіспеуі валидатор жүйесінің жетілдірілмегендігінен болуы мүмкін дейді "Алматыэлектротранстағылар". Мұнда есеп жүргізудің екі жүйесі қатар қойылған. Билет бойынша және валидатордағы ақша бойынша есеп алынады. Екеуінде айырма жер мен көктей. Мысалы, егер валидаторға 60 теңге тастаған соң біраз үзілістен соң ол 80 теңге боп саналып кетеді. Әлгі адам қалтасынан қалған 20 теңгесін тауып, оны салғанда оны компьютер жеңілдіктегі 40 теңгелік жолаушы деп қабылдай салады. Сөйтіп компьютер 120 теңгені есепке алады. Ал нақтысында валидаторға түскені 80 теңге ғана" дейді "Алматыэлектротранс" бас директорының орынбасары Хабибулла Сайдуллаев.

Сонымен қатар фирмадағылар валидаторға жүргізушілердің және Best Card компаниясы қызметкерлерінің қол сұғатындығын айтады. Бұл фирма билеттің электрондық жүйесіне қызмет көрсетеді. Оған қоса "Алматыэлектротранстағылардың" айтуынша, көптеген жолаушы казино жетонымен, совет тиындарымен, өзге мемлекеттің монетасымен есеп-айырысады екен.

ЖШС өкілдері өздерінің жеке зерттеу жүргізетіндерін айтты. Сонымен қатар жетіспейтін ақшаны әлі де дәлелдеу керек деп отыр, өздеріне тергеу қорытындысы ұсынылмағанын, құқық қорғау органдарының үстінен қылмыстық іс қозғайтындықтары туралы хаттамасы келіп түспегендігін айтады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай