Алматылық әйел Есімовтің танысымын деп әкімдікте қызмет орнын саудалаған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Odinfm.ru ©Odinfm.ru

Алматы қаласының тұрғыны өзін қала әкімі Ахметжан Есімовтің қызының танысымын деп, өзінің құрбысын әкімдікке 50 мың долларға жұмысқа тұрғызып беруге уәде еткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне сотталушының мүддесін қорғаушы адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады. Айта кетейік, қазіргі уақытта сотта әйел қала басшысының қызымен таныс екенін мойындамайды және әкімнің өзінен кешірім сұрап, хат жазды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының тұрғыны өзін қала әкімі Ахметжан Есімовтің қызының танысымын деп, өзінің құрбысын әкімдікке 50 мың долларға жұмысқа тұрғызып беруге уәде еткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне сотталушының мүддесін қорғаушы адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады. Айта кетейік, қазіргі уақытта сотта әйел қала басшысының қызымен таныс екенін мойындамайды және әкімнің өзінен кешірім сұрап, хат жазды.

Осыған байланысты іс қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотта өтіп жатыр. 1978 жылғы алматылық әйел "Алаяқтық" және "Пара беру" баптары бойынша айыпталып отыр. Іс материалдарына негізделген адвокаттың мәліметінше, 2014 жылдың желтоқсан айында сотталушыға 1982 жылғы таныс құрбысы хабарласып, әкімдікке жұмысқа тұрғызып беруді, нақтырақ айтсақ, табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы қызметіне тұрғызып беруді өтінген. Өз кезегінде сотталушы оның өтінішін орындай алатынын айтқан, себебі ол қала әкімінің қызымен таныс делінді. Алайда бұл үшін ол өз құрбысынан 70 мың доллар сұрайды, бұл қаржы қызы арқылы әкімнің өзіне барып түсуі керек болды делінеді. Кейін олар 50 мың долларға келіседі.

Келіссөздерден кейін сотталушыдан көмек сұрап барған әйел Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне 1978 жылғы әйелдің одан 50 мың доллар ақша бопсалағанын жазған. 2015 жылдың 15 қаңтарында әйел 50 мың доллар көлеміндегі қаражатты алу үстінде ұсталады. Іс материалдарында сотталушының Есімовтің қызымен таныстығы арқылы әкімдікке жұмысқа тұрғыза алатыны жазылып қалған төрт аудиожазба бар. Фонетикалық сараптама сөйлеушілердің дауысының сәйкес келетінін анықтады.

Бірақ адвокат Нұрпейісов айыптау бабымен келіспейді. "Біз бұл істі тек "Алаяқтық" бабы бойынша жүруі керек деп есептейміз, "Пара беру" бабы болмауы керек, себебі сотталушы ақшаны біреуге беруді жоспарламағанын айтып жатыр", - деді адвокат Нұрпейісов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer