30 қараша 2017 12:42

Алматылық байларға "ерекше" қызмет ұсынған алаяқ әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-ның 1979 жылғы тумасы Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ШҚО-ның 1979 жылғы тумасы Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А. Баширова есімді азаматша заң кеңсесін ашқан. Сосын оған азаматтық және қылмыстық құқық мәселелері бойынша жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар көмек алуға келетін болған.

"Қаскөй әйел өз кеңсесінде құқықтық қызмет ұсынумен қатар, "заңсыз" қызметтер де ұсынған. Анықтап айтар болсақ, ол лауазымды тұлғаларға ақша беріп, клиенттерінің құқықтық мәселелерін шешіп берген. Ол өз клиенттеріне түрлі ведомствода қолғабыс ететін таныстарының барын айтып, белгілі бір сомаға мәселелерін шешіп беретінін айтып отырған. Бір қызығы, ол мұндай қызметін тек қалталы азаматтарға өзара сенім тұрғысында ұсыныпты. Оған сеніп қалған клиенттері құқықтық мәселелерін шешіп береді деп, оған аса ірі көлемде қаражат берген. Бұл қаражат тек доллармен есептелген және 6-20 мың доллар арасында болған. Осылайша қаскөй әйел алдап, сеніміне кіріп, азаматтардың шамамен 50 мың долларын алып қойған", - деп хабарлады Бостандық аудандық ІІБ бастығы Дәурен Өтебаев.


© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1-пункті бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

"Қазіргі таңда Бостандық ауданы бойынша азаматша Баширова жасаған 7 қылмыс эпизоды анықталды. Осыған байланысты осы адамның әрекетінен зардап шеккендер болса мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:  254-47-02; 254-47-59; 8-778-999-97-27 немесе 102", - дейді полицейлер.


© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Әйел мұндай қылмысты бұрын да жасаған болып шықты. Ол 2009 жылы алаяқтық бойынша жазасын өтеп, түзету мекемесінде камераласына ісін қайта қаратуға себеп бола алатынын айтып, ақшасын алып қойған, алайда айтқанын орындамаған. Сол уақытта Алматыдағы Медеу аудандық соты Башироваға қатысты мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарған. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети