30 қазан 2018 17:16

Алматылық жүргізушіден ҰҚКД-нің жалған куәлігі, бита мен кісендер тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полицейлері 32 жастағы ер адамнан ҰҚКД-нің жалған куәлігі, бита мен кісендерді тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы полицейлері 32 жастағы ер адамнан ҰҚКД-нің жалған куәлігі, бита мен кісендерді тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың мәліметінше, мамандандырылған батальон Сейфуллин даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінде терезелеріне тонировка жасалған Mercedes маркалы көлікті байқаған. Оның иесі тараздық 32 жастағы ер адам екені анықталған. Онымен қоса, ер адам осыған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 1-бөлігі және 293-баптың 2-бөлігі бойынша сотты болған. 

"Сол сәтте көлік құралында Ресей Федерациясына тиесілі ТС мемлекеттік белгісі болды. Жүргізушінің құжаттарын тексерген кезде ол инспекторларға көліктің техникалық паспортын берді. Паспорттың мемлекеттік нөмір сияқты жалған екені анықталды. Бұдан бөлек Mercedes көлігінде тағы төрт мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, кісендер мен бита табылды. Ал жүргізушінің жеке құжаттарын тексерген кезде ҰҚКД қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі табылды. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері процессуалдық тәртіп негізінде барлық затты тәркіледі. Тәркіленген заттар ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгісі бойынша қылмыстық іс материалдарына қосылды", - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

Оның айтуынша, ұсталған ер адамға қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды: ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 3-бөлігі (" Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) орнату"), 590-баптың 4-бөлігі (" Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару"), 590-баптың 10-бөлігі бойынша ("Осы баптың бiрiншi, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер").

Көліктің арнайы айыппұл тұрағына жеткізілгені айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети