26 шілде 2016 13:19

Алматының балалар үйіндегі зорлық ісі: Ұстаздар күдіктіге жақтасып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© programasabrace.com.br © programasabrace.com.br

Алматыда №1 балалар үйінің бірнеше ұстазы күдіктіге жақтасып отыр. Күдікті 10 жастағы тәрбиеленушіні зорлады деп айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, күдікті бұрындары осы балалар үйінің тәрбиеленушісі болған.


Алматыда №1 балалар үйінің бірнеше ұстазы күдіктіге жақтасып отыр. Күдікті 10 жастағы тәрбиеленушіні зорлады деп айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, күдікті бұрындары осы балалар үйінің тәрбиеленушісі болған.

№1 балалар үйінің оқытушы-тәрбиелеушісі Ернат Каюлов күдікті туралы жақсы пікірде және мұндай қадамға баруы мүмкін емес деп есептейді. "Ол өз тобының көшбасшысы болатын. Өзіне аға ролін ала білді, кішкентай балаларға әрдайым тиянақты қарайтын, мүмкіндігі болса көмектесуге тырысатын. Ол әрдайым "Біз балалар үйінің атына кір келтірмеуіміз қажет" дейтін. Суретті салғанды жақсы көретін, басқа да дарыны жетерлік. Серік үш адамнан тұратын "Дудар-ай" тобын құрды. 2014 жылы оның тобы Астана қаласында фестивальден бірінші орынға ие болды", - деді әріптесі. Ол оның бала кезден энурез ауруымен ауыратындығын айтты. 

"Тең құқықтар және тең мүмкіндіктер институты" қорының басшысы Маргарита Ускембаеваның айтуынша, айыптау актісі ойдан құралған және жігіт қамауда заңсыз отыр. "Оған тағылып отырған айыптар жалған және дәлелсіз. Мен солай ойлаймын. Өкінішке қарай, бұрындары мұндай жағдайлар болған. Сол кездері зорланған балалардың ісінде біз күдіктінің айыпты екенін біліп тұрсақ та, дәлелдей алмадық. Ал бұл жолы керісінше. Жігітті 2015 жылы тамыз айында баланы зорлады деп айыптады, алайда осы мәселе бес айдан кейін көтерілген. Қазіргі кезде қысым жасалып жатыр, БАҚ өкілдері жәбірленуші жақтың сөзін ғана тыңдап, екінші жақты мүлдем елемей, мәліметтер таратуда. Күдікті тұл жетім, оны қорғап алатын ешкімі жоқ", - деді Ускембаева.

Еске салайық, № 1 балалар үйінің тәрбиеленушісі 10 жастағы бала 2015 жылы тамызда зорланғандығы жайында хабарлаған. Мұны естіген қазақстандық бір отбасы прокуратураға хабарлаған. Іс Алматы қалалық ІІД-ге тапсырылған.

Сол кезде балалар үйінің жетекшісі кәмелет жасына толмаған баланың мәлімдемесін ойдан шығарғанын айтқан болатын. Ал Білім басқармасындағылар баланың шағымы бойынша қызметтік тергеу жұмыстары жүргізген, қорытындысында сексуалдық алымсақтық дәйектері табылмаған еді.

Алайда кейіннен 19 жастағы жігіт ұсталып, қамауға алынған болатын. Біраз уақыт өткеннен кейін мекеме башысы өз қалауымен қызметінен кеткен еді. Іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кейінірек БАҚ-тарда осы іс бойынша жаңа мәліметтер пайда болған еді. Онда тергеу барысында жасалған зертханалық тексеріс қорытындысы бойынша зорлық белгілері тағы екі тәрбиеленушіден (бір бала, бір қыз) табылған. Жақын арада олар сотқа шақыртылады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети