28 қазан 2019 13:51

Алтынкөл станциясының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ филиалы Алтынкөл стансасының бастығы Ж.Т.Ұнтақбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол облыстың мемлекеттік кірістер департаменті "Алтынкөл" кеден бекетінің бас маманы Е.М. Төлеевпен және тауар кассасының бастығы А.М. Стамқұловамен алдын ала сөз байласып, "Алтынкөл" КБ арқылы радиациялық фоны жоғары вагондарды кедергісіз өткізгені үшін 4 миллион 324 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Сонымен қатар, Ұнтақбаев "Алтынкөл" стансасының жүк ауданының бастығы Т.П. Қалдыбаевтың көмек көрсетуімен ірі габаритті вагондарды бергені үшін 1 миллион теңгеден астам сома және жұмысқа орналастырғаны үшін азаматтан 100 мың теңге көлемінде пара алған.

2019 жылы 25 қазанда Алматы облысы Панфилов аудандық сотының үкімімен Ұнтақбаев бірнеше рет пара алғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Осы үкіммен Төлеев пен Стамқұлованың әрқайсысы 7 жылға, ал Қалдыбаев-2 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған тұлғаларға мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети