17 шілде 2015 18:57

Арал аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы парамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Арал аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы парамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 шілде күні Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері жүргізген жасырын тергеу әрекеттері нәтижесінде Арал аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы міндетін атқарушы полиция полковнигі ұсталды. Ол қылмыстық істі жабу мақсатында пара ретінде 300 мың теңге ақша алған.

"16 шілдеде Арал аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы міндетін атқарушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети