25 шілде 2018 16:39

"Арматурамен және таспен ұрған": Қырымда қазақстандықты оңдырмай соққыға жыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет:kherson.net.ua Көрнекі сурет:kherson.net.ua

Севастополь қаласында отандасына жақтасқан қазақстандықты аса зұлымдықпен соққының астына алған. Бұл туралы жәбірленушінің туған ағасы айтты, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі.


Севастополь қаласында отандасына жақтасқан қазақстандықты аса зұлымдықпен соққының астына алған. Бұл туралы жәбірленушінің туған ағасы айтты, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының тұрғыны Вадим Потапов мас ер адамдардың ағасын ұрып-соққанын айтып берді.

"21 шілдеде кешкі уақытта Сергей өзінің Севастопольдағы саяжайында болған. Бірде оның үйінің маңына соққы көрген ер адам жүгіріп келген, ол да Қазақстан азаматы болып шықты. Ер адам оны бір топ адамның ұрып-соққанын айтып, көмек сұраған. Сол кезде Сергей шығып, олардан жерлесін ұрмауды сұраған. Бірақ төрт ер адам оған шабуылдай бастаған. Оны жай ғана ұрып қоймай, арматурамен ұрып, оған тас лақтырған. Аяғын сындырып, сынған аяғынан ұстап алып ары-бері тасып қинаған", - дейді жәбірленушінің бауыры.

Вадимның айтуынша, Сергейді екі сағаттан кейін құрбысы тауып алған. 

"Құрбысы тауып алғанда Сергей жағалаудың маңында өлі-тірісін білмей жатты. Оның қолы сынған, екі ашық аяқ сынығы, қабырғасы да сынған. Таспен соққының астына қалғандықтан, ауруханада басын тікті. Полицейлер сол түні саяжайға келіп, Сергейдің құрбысынан да жауап алған. Бірақ сол түннен кейін мүлдем ғайып болып кетті. Біз олардың барлығы теңізде балықшы болып жұмыс істейтінін білдік. Сол түні олар араққа масайып тойып алған", - деді Сергейдің туысы. 

Оның айтуынша, қазақстандық 47 жастағы ер адам 2017 жылдан бері Қырымда тұрады. Ер адам сол жерден саяжай сатып алған. 

Екінші жәбірленуші жайлы әлдеқандай ақпарат түскен жоқ. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети