11 қаңтар 2016 15:55

Арнайы үйретілген ит Қазақстанға өтпек болған 18 жастағы бойжеткеннің іш киімінен есірткі тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© damadeaco.com © damadeaco.com

"Семей" шекаралық бақылау отрядының "Ауыл теміржол" бөлімшесінде № 376 жолаушылар пойызын тексеру барысында арнайы үйретілген ит бойжеткеннің іш киімінен есірткі тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Семей" шекаралық бақылау отрядының "Ауыл теміржол" бөлімшесінде № 376 жолаушылар пойызын тексеру барысында арнайы үйретілген ит бойжеткеннің іш киімінен есірткі тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"9 қаңтарда таңғы сағат 09.50-де есірткі тасымалдаушы ұсталды. Пойзды тексеру кезінде Кристина есімді небәрі 18 жастағы қыз баланың маңынан арнайы үйретілген ит айналшықтап, жанынан шықпай қойғандықтан жеке тексеру жасалды. Тексеру барысында оның іш киіміне тігілген, салмағы 15 грамм "гашиш" есірткісі табылды. Ол желілік полиция бөлімшесіне тапсырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Сонымен қатар, ведомство өкілдерінің мәліметінше, "Семей" шекаралық бақылау отрядының "Шемонаиха теміржол бөлімшесінде 7 қаңтар күні тағы да бір есірткі тасымалдаушыны ұстаған. "Сағат таңғы 05.30-да шекарашылар "Лениногорск - Астана" бағытымен кетіп бара жатқан № 376 жолаушылар пойызын тексеру барысында арнайы үйретілген "Мила" атты қызметтік ит №10 вагонның №4 орнынан, жастықтың тысына тығылған "гашиш" есірткісін тауып алды. Орын иесі ұсталды, ол 41 жастағы қазақстандық екен. Ұсталған азамат Шемонайха теміржол бекетінің желілік полиция бөліміне тапсырылды. Табылған есірткі затының көлемі мен салмағы аса көп емес, бар-жоғы 89 грамм ғана. Дегенмен, бұл қазақстандық шекарашылардың қырағылығын тағы бір көрсетсе керек", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, есірткі тасымалдаушыларды ұстаудан соңғы кездері Қостанай шекара отрядының "Қайрақ авто" бөлімшесі алда келеді. Бүгін түнде, сағат 03.30-да осы бөлімшенің шекара наряды "Рудный - Екатеринбург" бағытымен кетіп бара жатқан жолаушылар автобусын тексеру кезінде № 41-42 орындардың үстіндегі сөреден "марихуана" есірткісін тапты. Бұл есірткінің иесі ретінде тағы да 18 жастағы, бірақ бұл жолы қазақстандық бозбала жігіт ұсталды. Салмағы 3-4 грамм ғана болғанымен, айналаға қауіп-қатері орасан-зор есірткі заты иесімен бірге Қарабалық аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети