28 қазан 2014 21:15

"АрселорМиттал Теміртау" қызметкерін қорқытып қою үшін атуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарақаттағыш қару. Фото © РИА Новости Жарақаттағыш қару. Фото © РИА Новости

Теміртаудағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ цехының басшысын белгісіз біреулер жарақаттағыш тапаншамен көлігін ату арқылы қорқытып қоюды ойлауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі фирманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Компания басшыларына шабуыл жасаған осындай оқиғалар бұған дейін де бірнеше мәрте болғанын естеріңізге саламыз.   


Теміртаудағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ цехының басшысын белгісіз біреулер жарақаттағыш тапаншамен көлігін ату арқылы қорқытып қоюды ойлауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі фирманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Компания басшыларына шабуыл жасаған осындай оқиғалар бұған дейін де бірнеше мәрте болғанын естеріңізге саламыз.   

"АрселорМиттал Теміртау" фирмасы болған жағдайға байланысты алаңдап отыр. "Біз қызметкерімізге жасалған шабуылға қатысты алаңдатушылық білдіреміз. Құқық қорғау органдары кінәліні тауып, №3 цехтің басшысының көлігін атқан адамды жауапкершілікке тартады деп үміттенеміз", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Жалпы, "АрселорМиттал Теміртау" басшылары қарақшылық шабуылдан жиі қаза табады. 1992 жылы металлургиялық комбинаттың әкімшілік корпусында меткомбинат директоры Александр Свичинскийді атып кеткен болатын. 2003 жылы өз үйінің алдында "АрселорМиттал Теміртау" фирмасына қарасты алюминдеу цехінің жоспарлау және үнемдеу бюросының басшысы Николай Сидоровты басынан атып, өлтіріп кетті. 2007 жылы конвертор цехі басшысының орынбасары Игорь Сивковтың мәйіті гаражынан табылды. 2011 жылдың қыркүйегінде цех басшысы 39 жасар Андрей Васькинге үйінің қасында шабуыл жасалып, жарақаттағыш қарудан атылған оқ басына тиген еді. 

Теміртау прокуратурасы өкілдерінің айтуынша, бұзақылық таңертең 07.00-де Лиза Чайкина көшесі мен Бейбітшілік даңғылының қиылысында болды. "АрселорМиттал" №3 цехының басшысы Niva қызметтік автокөлігімен металлургия комбинатына қарай жүріп келе жатқан. Жолдың өтетін бөлігіне тоқтаған ол қарсы бағыттағы көліктерді өткізіп тұрады. Сол уақытта белгісіз бір жігіт жолаушы отыратын алдыңғы есікке жақындап келіп "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының № 3 цехы басшысына тапанша кезеп, атады. Содан кейін ол қашып кеткен. Оқ ары қарай өтпей қалса да, терезені шытынап жіберген. "Полицейлер сол қиылыстан резеңке оқты тапты. Бұзақы іздестіріліп жатыр. Ол ұсталған соң ғана "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның цех басшысына жасалған шабуылдың жай-жапсары белгілі болады. Жәбірленуші өзін атқан кім және не үшін атқанын білмейді. Ол полицейлерге өзіңе қастық ойлап жүргендердің жоқ екенін айтты", - деп хабарлады агенттікке прокуратура өкілі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети