Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Әскери бөлімнен қашып кеткен шекарашыға қатысты қылмыстық іс қозғалды

19 Қыркүйек 2014, 13:08
0
№2177 әскери бөлім. ©31 арна
№2177 әскери бөлім. ©31 арна
Қатардағы жауынгер Серік Дәулетбай. ©31 арна
Қатардағы жауынгер Серік Дәулетбай. ©31 арна

Алматы облысының құқық қорғау органы қызметкерлері шекарашаның әскери бөлімнен қашып кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас әскери прокуратурасына сілтеме жасап.

Сарбаз Алматы маңындағы Боралдай елді мекенінде орналасқан №2177 әскери бөлімде дезертирлік жасаған болатын. "Қылмыстық іс қозғалды, оны ҚР ІІМ оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасы тергеп жатыр", - деп хабарлады Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі. Айта кетейік, қылмыстық іс ҚР ҚК 255-бабының 4-тармағы - "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды жымқыру немесе бопсалау" бойынша қозғалды. Мерзімді қызмет сарбазы Серік Дәулетбай өзімен бірге әскери қару мен оның екі оқ-дәрі қорабын алып кетуі мүмкін.

Бұл оқиға 18 қыркүйек күні болды. Күндізгі кезекші сарбаздың жоғалып кеткені таңғы 07.00 шамасында анықталды. "Жоғалып кеткен әскери қызметшіге іздеу жарияланды, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз хатшысы Оксана Парпура.

Дезертирлік жасаған сарбаз Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жетісай ауылында туған. Ол 2014 жылдың майында әскери қызметке шақырылды. Жорамал бойынша, сарбаз қашып кетерінің алдында өзге қызметтестерімен төбелескен. Іздеу жалғасып жатыр.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай