08 қазан 2014 12:24

Астана әуежайы автотұрағында 800 мың теңгенің костюмі ұрланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астана әуежайында құны 800 мың теңге тұратын костюм ұрланды, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана әуежайында құны 800 мың теңге тұратын костюм ұрланды, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"8 қазан күні Астана қаласы әуежайының желілік полициясына 59 жастағы Астана тұрғыны шағымданды. Ол осы күні сағат 20.30-да Тараз - Астана рейсімен ұшып келіп, әуежай автотұрағында тұрған кезінде өзінің құны 800 мың теңге болатын костюмын белгісіз біреудің қолды қылғанын айтты", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі маманының сөзінше, комплектіде шалбары мен желеткесі бар костюмның Ұлыбританияда тігілген. Жәбірленуші киімді автотұрақта біраз уақыт қараусыз қалдырады, ал қайта айналып келгенде аса құнды костюмын таба алмайды.

Көп ұзамай Ақмола облысының 34 жастағы азаматын анықталып, ұсталды. Ұрланған зат тәркіленді. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети