27 ақпан 2017 11:01

Астана әуежайында 253 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын алып өтпек болған қырғызстандық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mygazeta.ru © mygazeta.ru

Астана әуежайында шекарадан 32,5 келі алтын (жалпы құны 253 миллионнан аса) бұйымдарды өткізбек болған қырғызстандық азаматша ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Қырғызстан азаматшасы "Ыстамбұл-Астана" рейсімен келіп, кедендік тексеріссіз өзімен бірге 32,5 келі алтын бұйымдарды алып өтпек болған. Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, Қырғызстан азаматшасы жедел-тергеу шаралары барысында Астана халықаралық әуежайының бірінші қабатында ұсталған.

Астана қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы аумағына ірі көлемдегі қымбат алтын бұйымдарды кіргізбек болған әйелдің әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабының 2-бөлігі бойынша ("Экономикалық контрабанда") бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қырғызстан азаматшасы Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау мақсатында шаралап жүргізіліп жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети