07 қыркүйек 2015 16:28

Астана әуежайында полиция қызметкерін балағаттаған жанжалқой 10 күнге қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mmk.kg © mmk.kg

Астана әуежайында полиция қызметкерін балағаттаған жанжалқой 10 күнге қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елорданың 38 жастағы тұрғынын Полицияның желілік бөлімінің тергеу тобының қызметкерлері ұстады.

Ер адамның орташа деңгейде алкоголь ішкені белгілі болды. Ол өзін әдепсіз ұстап, балағат сөздер айтқан. "Астана ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша 10 күнге қамауға алынды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, маусымда Ресейлік азаматша ұшақта "Путин сендерді өлтіреді" деп айғайлаған болатын. Куәгерлердің бірі оқиғаны видеоға түсіріп алып, YouTube видеохостингіне жүктеді. Бортқа шақырылған француз полицейлерге әйел ағылшын тілінде: "Владимир Путин сендерді өлтіреді!", - деп айғайлады. Ресейлік азаматша ұшақтан түсіріліп, рейс бір сағатқа кешікті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети