16 маусым 2015 11:33

Астана полицейлері Ақмола облысы тұрғынынан 55 мың дозалық есірткі тәркіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Narkonews.com © Narkonews.com

Астанада Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Ақмола облысының 28 жастағы тұрғынынан есірткі затын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде Ақмола облысының тұрғыны ұсталып, одан салмағы 300 грамм героин тәркіленді. Ұсталған ер адамның тұратын жерін тексеру кезінде тағы да 11 келіге жуық есірткі заты табылды.

Тәркіленген есірткінің құны қара нарықта жарты миллион доллар шамасында. Полицейлердің айтуынша, тәркіленген есірткіден 55 мың доза шығады екен. 

Бұл іс Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық Кодекстің 297-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелді. Ұсталған ер адам Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Астанадағы полиция қызметкерлері қала аумағында есірткіні сататындар мен жеткізетіндерді анықтау мақсатында арнайы жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети