Астана полициясы пәтер алаяқтарына алданғандарды іздестіруде

10 Қазан 2014, 20:29
0
Астана полициясы пәтер алаяқтарына алданғандарды іздестіруде - Фото © Тұрар Қазанғапов
Фото © Тұрар Қазанғапов
Астана полициясы пәтер алаяқтарына алданғандарды іздестіруде - Тұтқындалған Г.Н.Аманова. Фото Астана ІІД-нің баспасөз қызметінен алынды
Тұтқындалған Г.Н.Аманова. Фото Астана ІІД-нің баспасөз қызметінен алынды
Астана полициясы пәтер алаяқтарына алданғандарды іздестіруде - Тұтқындалған С.О.Байжанов.  Фото Астана ІІД-нің баспасөз қызметінен алынды
Тұтқындалған С.О.Байжанов. Фото Астана ІІД-нің баспасөз қызметінен алынды
Астана полициясы пәтер алаяқтарына алданғандарды іздестіруде - Тұтқындалған  Ж.Д.Нармағамбетова. Фото Астана ІІД-нің баспасөз қызметінен алынды
Тұтқындалған Ж.Д.Нармағамбетова. Фото Астана ІІД-нің баспасөз қызметінен алынды

Астана полициясы пәтер алаяқтарына алданғандарды іздестіруде, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz  Астана қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы екі әйел мен бір ер адамды алаяқтық бойынша айыптап, осы қылмыстық іске қатысты тергеу жүргізуде. "Нармағамбетова, Аманова және Байжанов деген азаматтар адамдардың сеніміне кіріп, оларды "Мемлекеттік бағдарлама" бойынша үй алуға көмектесеміз деп алдап, қомақты қаржысын алып кеткен", - дейді Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері. 

Қазіргі таңда айыпталушылар тергеу изоляторында отыр. Бүгінде астана ІІД-не 29 жәбірленуші арыз берген. Полиция қызметкерлері жәбірленушілер бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Сондықтан полиция алаяқтардың суретін жариялап отыр. 

Астана қаласы Ішкі істер департаменті алаяқтарға алданған барлық адамдардың ІІД мекен жайына хабарласуын сұрайды. Бейбітшілік көшесі 19, 341, 343-бөлме. Телефон нөмірлері: 71-60-10, 71-62-26, 71-62-36,71-60-58. Ұялы тел.: 8 778-46-15-734, 8 701-720-44-53.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай