Астана саябағының директоры пара алғанын мойындады

25 Тамыз 2015, 13:28
0
Астана саябағының директоры пара алғанын мойындады - © uspeh.dom.kz
© uspeh.dom.kz

Астана саябағының директоры пара алғанын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда прокуратурасының мәліметінше, меншігіне саябақ кіретін мемлекеттік кәсіпорынның жетекшісі жалға беру төлемін жоғарылатпау үшін пара алған.

"2015 жылдың шілде айының 28-29 аралығында "Коммуналдық меншік қоры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаға теңестірілген тұлға ретінде Астана қаласының елордалық саябағындағы алаңды жалдау бағасын көтермегені және қамқорлық көрсеткені үшін 860 000 теңге көлемінде пара алды", - делінген хабарламада.  

Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкерлері өткізген жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдікті пара алып жатқан жерінде ұсталып, тергеу барысында кінәсін мойындады.

6 тамызда ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаға теңестірілген тұлға ретінде айтарлықтай мөлшерде ақшалай пара алғаны үшін күдіктіге қатысты қылмыстық іс айыптау актісімен қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және сотқа беру үшін Астана қаласының прокуратурасына келіп түсті.

Қала прокуратурасының зерделеуі нәтижесінде, айыптау актісі бекітілді және 10.08.2015 жылы күдіктіні айыптау бойынша қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Есіл ауданының №2 сотына жолданды.

Қалалық прокуратураның өкілдері қазіргі уақытта кәсіпорын жетекшісінің бостандықта сотты күтіп жатқанын хабарлады. Заңнамаға сәйкес, саябақ директорына пара сомасынан 60 есе көбейтілген айыппұл салынуы мүмкін немесе 3 жылдан жеті жылға дейін мүлкін тәркілеу арқылы бас бостандығынан айырылуы мүмкін, сонымен қатар бұл жазада белгілі бір қызметке тұруға өмір бойына шектелуі мүмкіндігі туралы тарау бар. 

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай