Астана тұрғынынан жарты миллион теңге алимент өндірілді

30 Желтоқсан 2014, 13:06
0
Астана тұрғынынан жарты миллион теңге алимент өндірілді - ©aif.by
©aif.by

Астана тұрғынынан 500 мың теңге көлемінде алимент өндірілді, борышкерден алимент өндіру туралы сот актісі ұзақ уақыт орындалмай келген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала прокуратурасы тұрғындардың бірі шағымданып, алимент өндіру туралы сот актісінің ұзақ уақыт бойы орындалмай жатқанын айтқан. Прокурорлар атқару өндірісінің 2012 жылдың 26 ақпанында қозғалғанын анықтады. Бірақ ол акті орындалмай қалған. Сот орындаушысы алимент төлемдері бойынша борыш көлемін анықтамаған, борышкердің Қазақстан аумағынан шығуына шектеу қоймаған, сонымен бірге оның жұмыс орны - "Хабар" агенттігі" АҚ-на тиісті құжаттар жіберілмеген. Сөйтіп, "Атқару өндірісі және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заңның талаптары бұзылған.

"Анықталған деректер бойынша қала прокуратурасы Астана қаласы сот актілерін орындау департаментіне нұсқау берді, соның нәтижесінде заңбұзушылық жойылды, прокурорлық әрекет ету шараларының нәтижесінде талапкердің пайдасына 500 000 теңге өндірілді", - делінген прокуратураның хабарламасында. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай