Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада алқа билер соты қызды айуандықпен өлтірді деген күдіктілерді ақтап шықты

26 Тамыз 2016, 13:06
0

Астанада алқа билер соты қызды айуандықпен өлтірді деген күдіктілерді ақтап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2006 жылдың 13 мамырына қараған түні Астанада айуандықпен өлтірілген 23 жастағы қыздың денесі табылған. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1979 және 1980 жылғы екі ер адам ұсталған. 2006 жылы басталған тергеу шаралары екі жылға созылады. Кісі өлтірді деген күдіктілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін болмай, содан бері іс тоқтатылған.

Ал 2016 жылы істі жаңғыртқан тергеу тобы құрылады. Осыған дейін күдікті ретінде қаралып отырған екі ер адам қайтадан сотқа тартылады. Биыл шілде айының соңында іс Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберіледі. Алдын ала сот тыңдауында күдіктілер сотқа алқа билер сотының қатысуын сұрап, өтініш жазады. 

Сот ісі 2 тамызда басталды. Сот тергеуінің қорытындысы бойынша алқа билер сотының мүшелерінің басым бөлігі сотталушылардың қызды өлтіруге қатысы дәлелденбеді деп шешім шығарады. Сөйтіп, екі сотталушы сот залында босатылған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай