17 қыркүйек 2016 12:27

Астанада автотұрақтардың бірінде бірнеше ер адамнан соққы көрген әйелді өлтірді деген күдікті қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаза тапқан әйел осы ауладан табылды Қаза тапқан әйел осы ауладан табылды

Астанада автотұрақтардың бірінде бірнеше ер адамнан соққы көрген әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД сілтеме жасап.


Астанада автотұрақтардың бірінде бірнеше ер адамнан соққы көрген әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД сілтеме жасап.

"15 тамызда жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қалалық ІІД қызметкерлері ауыр қылмыс жасағаны үшін Ақмола облысының 24 жастағы тұрғынын ұстады. Ол Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

14 тамызда шамамен сағат 11.30-да Абылай хан даңғылы бойында орналасқан үйлердің ауласында Н. есімді азаматша дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізіліп, сонда қайтыс болды. Бұл дерек Астана қалалық ІІД "Алматы" ауданының ІІБ сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. 

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында ҚР Қорғаныс министрлігінің келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметкердің осы қылмысқа қатысы бары анықталды. Алматы аудандық сотының шешімімен бұлтартпау шарасы ретінде күдіктіні қамауға алу туралы шешім қабылданды.

Астана қалалық ІІД өкілдері қылмыстық істі тергеу жұмыстарын жалғастыру үшін істі ҚР ІІМ Орталық өңірлік Әскери-тергеу басқармасына жіберді", - деп хабарлады полициядағылар.

Айта кетейік, осыған дейін Астанадағы автотұрақтардың бірінде бірнеше ер адамнан соққы көрген әйелдің қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Жергілікті тұрғындарға сілтеме жасаған басылым тілшілерінің айтуынша, ер адамдарға әйелдің автотұрақта көлікті қойғаны ұнамаған. Олар оған ескерту де жасаған. Содан ер адам мен әйелдердің арасында жанжал шығып, кейін төбеске ұласқан. Соңында ер адамдар әйелді аяусыз соққыға жыққан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети