12 сәуір 2017 10:50

Астанада дәмхана қызметкерлері келушілерге есірткі сатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© city41.ru © city41.ru

Астанада дәмхана қызметкерлері келушілерге есірткі сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада дәмхана қызметкерлері келушілерге есірткі сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық" жобасының барысында Астана қалалық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері дәмханалардың бірінен есірткі сақтау мен оны сату дерегін анықтады.

"ІІД қызметкерлері сауық кешені қызметкерлерінің "марихуана" есірткі құралдарын сатқанын анықтады. Жұмыс орнын тексеру барысында есірткі заттары табылып, тәркіленді", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ұсталған ер адамдар Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. "Қазіргі уақытта ойын-сауық кешені басшылығын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  422-бабы бойынша ("Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау") әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Астана қалалық ІІД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети