25 мамыр 2016 14:54

Астанада ерлі-зайыпты жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© provereno.ru © provereno.ru

Астанада ерлі-зайыпты жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Астанада ерлі-зайыпты жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Көліктегі ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Астананың теміржол вокзалының маңында 35 жастағы ер адам мен 28 жастағы әйелді ұстаған.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, биылдан бастап олар көлік полициясының назарына түскен. Тергеудің мәліметінше, күдіктілер қылмыстық топты құрып, оған басшылық еткен.

"Көлік полициясының қызметкерлері тексеріс барысында ерлі-зайыптының құрамында үш ер адам (екеуі 1992 жылғы және біреуі 1994 жылғы) және екі әйел (1975 және 1987 жылғылар) бар қылмыстық топ құрып, оған басшылық етіп, жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырып, оларды ұстап, Астана вокзалының маңында 2009 жылдан 2016 жылдың мамырына дейін жеңгетайлықпен айналысқан", - делінген хабарламада.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта жедел тергеу шаралары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети