Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада жанармай құю бекетіне қарулы шабуыл жасалды

11 Шілде 2015, 11:16
0
© Svopi.ru
© Svopi.ru

Астанада Күмісбеков көшесінде орналасқан жанармай құю бекетіне қарулы шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана Ішкі істер департаментіне 10 шілдеде сағат түнгі 03.00 шамасында Күмісбеков көшесінде орналасқан жанармай құю бекетіне күзетшіге күш қолданып, кассирді тапаншаға ұқсас қарумен қорқыта отырып жарты миллион теңгеге жуық ақшаны белгісіз біреулердің алып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында бірнеше сағаттан күдіктілер анықталып, 5 адам ұсталды. Олар Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының 22-24 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Олардың екеуі осыған дейін ұрлық жасағандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Қарақшылық шабуыл жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР ҚК "Қарақшылық" бабы бойынша іс қозғалды.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталғандар кінәсін мойындаған. Заттай айғақтар алынды: пневматикалық тапанша, әйелдердің шұлығынан жасалған бетперделер және ақша. Күдіктілер Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай