10 қыркүйек 2018 16:22

Астанада кеден қызметкері парамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© azh.kz © azh.kz

Астанада кеден қызметкері парамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық МКД өкілдеріне сілтеме жасап.


Астанада кеден қызметкері парамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық МКД өкілдеріне сілтеме жасап.

Күдікті 2018 жылдың 7 қыркүйегінде ұсталған.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыртқы экономикалық қызметтегі қызметкерлерден оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жүйелі түрде ақшалай сыйақы алып отырған "Астана жаңа қала" кеден аумағының жетекші маманын әшкереледі.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-бөлігі бойынша ("Пара алу") қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Қандай да бір жемқорлық немесе ақша бопсалау деректері байқалған жағдайда Астана қалалық МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасындағыларға хабарлау сұралады: (WhatsApp): 8 (7172) 22-73-30, 8-778-536-35-68, Астана қаласы, Әуезов көшесі, №34 үй.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети