07 ақпан 2017 11:17

Астанада күзетші 2 миллион теңге тұратын иіссуды ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© piterlady.ru © piterlady.ru

Астанада косметика сататын дүкеннің күзетшісі 2 миллион теңге тұратын иіссу ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада косметика сататын дүкеннің күзетшісі 2 миллион теңге тұратын иіссу ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, ер адам ұзақ уақыт бойы Beautymania дүкенінде жұмыс істей жүріп, 2 051 504 теңге тұратын парфюмді жасырын түрде алып кеткен. 

"Ер адам сотта кінәсін толықтай мойындады. Келтірілген шығынды өтеп берді", - делінген соттың хабарламасында.

Соттың шешімімен, дүкен күзетшісі шартты түрде 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.

"Астанадағы Есіл аудандық №2 соттың шешімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша ("Ірi мөлшерде жасалған ұрлық") сотталып, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қабылданған "Рақымшылық туралы заңға" сәйкес, шартты түрде 1 жыл 9 айға дейін бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети