27 ақпан 2017 09:54

Астанада қыздарға жезөкшелікпен айналысу үшін саунаны жалға берген әкімші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© informus.ru © informus.ru

Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жезөкшелікпен айналысуға үй-жай берген сауна әкімшісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жезөкшелікпен айналысуға үй-жай берген сауна әкімшісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1968 жылғы ер адам басқа қаладан келген 1991, 1993, 1994 жылғы қыздарға жезөкшелікпен айналысу үшін саунаны жалға берген. Әкімшінің айтуынша, ол саунада келушілердің болмауынан осындай әрекетке барған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабын ("Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну") бұзуына қатысты сот 49 жастағы ер адамнан 100 айлық есептік көрсеткіш (226 900 теңге) ретінде айыппұл салды", - деді жергілікті полиция қызметіндегілер.

Айта кетейік, жыл басынан бері Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметіндегілер "Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну" бабын бұзған 7 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаса, ал 2016 жылы осындай 42 құқық бұзушылық дерегін анықтаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети