Астанада ломбардты тонау кезінде кепілде болған әйелдер оқиғаның мән-жайын айтып берді

24 Қазан 2016, 19:13
0
Астанада ломбардты тонау кезінде кепілде болған әйелдер оқиғаның мән-жайын айтып берді - Лерий Сванидзе сот залында. © Тұрар Қазанғапов
Лерий Сванидзе сот залында. © Тұрар Қазанғапов

Астанада ломбардқа жасалған қарулы шабуыл бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі арнайы ауданаралық қылмыстық істер бойынша сот залынан.

Сот алдында 42 жастағы Лерий Сванидзе жауап беруде. Ер адам 2016 жылы 14 тамызда Астанадағы ломбардттардың біріне қарақшылық шабуыл жасап, адамдарды кепілге алған деп айыпталуда. 

Прокурордың мәлімдеуінше, айыпталушы "Камал" қару дүкенінен пневматикалық газбаллонды тапанша сатып алып, ізін жасыру үшін оның сериялық нөмірін өшіріп тастаған. Қылмыс кезінде ешкім танымас үшін бетіне бет перде, ал қолына қолғап киген. Ол күні Кенесары көшесінде орналасқан ломбардта екі қызметкер болған. 

"Нечепуренко мен Бекбаева қорыққанан сейфтегі жалпы көлемі 4 миллион 687 мың теңгені және "МК-Ломбард" жеке тұлғалардан қабылдап, ол үшін 8 миллион 5 мың 857 теңге берген 330 түрлі алтын әшекейлерді пакетке салып берген", - дейді прокурор.

Шабуыл кезінде қызметкерлердің бірі дабыл пернесін басып үлгерген.

Сот барысында ломбард қызметкерлері тонау кезінде не болғанын айтып берді. Люция Нечепуренконың айтуынша, 14 тамызда Лерий Сванидзені клиент ретінде қызмт көрсету залына кірген.

"8:20 шамасында мен есік аштым, ол кірді. Кірген бетте күдік тудырды. Сосын ол пакеттен тапанша алып шықты. Оның сөздері есімде жоқ, "тұрыңдар, қолдарыңды көтер" сияқты сөздер болатын", - дейді Нечепуренко.

Ол қарақшының сыртқы есікті ішінен ысырмамен жауып, ал қойма торына орындық тіреп тастағанын айта кетті. Олар жерге жатқан кезде Нечепуренко пернені басып үлгерген. Кейін олар қоймаға кіріп, ақшаны алған соң, қарақшы алтын қайда сақталатынын сұраған. Кейін алтындарды пакетке сала берген кезде жедел әрекет ету тобы келіп жеткен. "Біз қатты қорықтық, адамның ойында не барын білмейсің. Бірақ сосын ол бізді тыныштандырып, қыздар қорықпаңдар не болса да маған ғана болады деді. Сонда да сақтанып отырдық", - дейді ломбард қызметкері.

Жедел әрекет тобы келгеннен кейін ер адаммен кліссөз жүргізіліп, ол түске таман әйелдердің бірін босатқан. Кейін полиция шабуылдау жасап, екінші әйелді босатып, Сванидзені ұстады. Келіссөз барысында ер адам тек өзінің кедергісіз шығып кетуін ғана талап еткені айтылды.  

"Ол қорқытқан жоқ. Ол ештемені алмаймын, ақша, алтын, тапаншаны осында тастаймын, тек маған шығып кетуге рұқсат етіңдер деді. Кейін оған ештеме керек болмады, оның кеткісі ғана келді", -  дейді Люция Нечепуренко кепілден босатып жатып, Сванидзе одан кешірім сұрағанын атап өтіп.

Сотта Лерий Сванидзе екі айып бойынша кінәсін жартылай мойындады. Ол өз әрекетінің жоспарланбағанын айтты. Кепілде болған әйелдердің сөзінше, оның бұл әрекетіне кредиттері мен банкпен туындаған қиындықтары себеп болғанға ұқсайды. Іс бойынша сот жалғасып жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай