29 қыркүйек 2015 | 10:53

Астанада медициналық бетперде кигендер дүкеннен 3 миллион теңге ұрлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Chastnik.ru © Chastnik.ru

Астанада медициналық бетперде киген белгісіз біреулер дүкенді тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада медициналық бетперде киген белгісіз біреулер дүкенді тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"21 қыркүйекте белгісіз біреулер медициналық бетперде киіп, дүкенге кірді. Сатушыны қорқыту арқылы олар дүкендегі сейфт әкетіп, оқиға болған жерден қашып кетті. Сауда орнының иесінің айтуынша, ұрланған сейфте 3 миллионға жуық ақша мен құжаттар болған", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға болғаннан кейінгі бір тәулік ішінде полицейлер күдіктілердің ізін анықтаған. Олар Солтүстік Қазақстан облысының 35 және 28 жастағы екі тұрғыны болып шықты. Ұсталғандардың бірі бұған дейін "қарақшылық" әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты.

Елордалық полицейлердің айтуынша, ұрылар ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген. Ұсталғандар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Читайте также
Join Telegram
Алматыда жер сілкінді

Валюта бағамы

 492.2   529.13   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети