Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Астанада өз күйеуін аса қатыгездікпен өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты

04 Маусым 2015, 12:26
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Астанада өз күйеуін аса қатыгездікпен өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы зейнеткерді аса қатыгездікпен өлтірген әйелге жаза кесті.

"Сот күдіктіні ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімінде қарастырылған қылмысты жасады деп тауып, 10 жылға жалпы режимдегі түзету колониясына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Бұлтартпау шарасы үкімнің заңды күшіне енгенінше қамауға алу түрінде қалдырылсын", - деп оқыды үкімді судья Айжан Шаяхметова.

"Жазалау түрі мен мөлшерін анықтау кезінде сот сотталушының жасаған қылмысының қоғамдық қауіпсіздікке деген мәні мен деңгейі, сотталушы мен зардап шеккен адамның арасындағы жақтырмаушылық қарым-қатынасын, әйелдің қылмысын жасағаннан кейінгі әрекетін есепке алды. (...) Айтылған жағдайлармен қатар, сот жағдайды жеңілдететін мән-жайы мен жазасын есепке алды. Нақтырақ айтқанда: шын көңілден өкіну, алдын ала тергеу органдарына жәрдемдесу", - деп хабарлады баспасөз мәслихатында Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз хатшысы Анар Темірбекова.

Әйел айыпты деп танылған бапта 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Айта кетейік, қаза болған ер адамның бірінші некеден туған қызы сот үкімімен келіспеді. Соттағы үзіліс кезінде ол соттың үкіміне шағымданатынын мәлімдеді. Ол сотталушыны ең ауыр жазаға кесу керек деп есептейді. 

Еске салайық, осыған дейін "Алматы" аудандық прокуратурасының өкілдері жоғалып кеткен 67 жастағы ер адамның туыстарының полицияға хабар бергенін мәлімдеген болатын. Кейін ер адамның аса қатыгездікпен өлтірілгені белгілі болды. Күдікті ретінде қаза болған адамның әйелі ұсталды. Сот тыңдауы кезінде мемлекеттік айыптаушы іс материалдарын таныстырды, онда жасалған қылмыстың мән-жайы айтылды. 47 жастағы әйел мен оның күйеуінің арасында жанжал шығып, кейін ол төбелеске ұласқан. Салдарынан әйел өз күйеуін қылқындырып өлтіріп, мәйітін бөлшектеп, қаладағы зираттардың біріне апарып тастаған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай