08 тамыз 2017 10:04

Астанада полицей формасын киген ер адам жезөкшені тонап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ru-an.info © ru-an.info

Астанада өзін полицей ретінде таныстырған ер адам жеңіл жүрісті әйелді тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанада өзін полицей ретінде таныстырған ер адам жеңіл жүрісті әйелді тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл маусымда ер адам интернет арқылы интим қызмет көрсететін әйелмен танысқан. Кездесуге келісіп, ер адам оның үйіне барады. Осыдан кейін ол үйдегі мүлікті тонау амалын ойластырған. 

"Тергеу әлі анықтамаған адамдармен біріккен ер адам түн ортасында әйелдің үйіне полиция ретінде келіп, ақша мен алтын бұйымдарды алып кеткен", - дейді сот өкілдері. 

Есіл ауданының № 2 сотының шешімімен күдікті ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-тарауының 1,2,3-тармақтары бойынша айыпты деп танылды. Сот үкімі бойынша ол 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети