28 шілде 2015 12:54

Астанада шатыр арқылы пәтер тонаған ұры-альпинистер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Berdsk-online.ru © Berdsk-online.ru

Астана полицейлері альпинистерге арналған саймандарды пайдалану арқылы пәтерлерді тонаған ұрыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасқөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана полицейлері альпинистерге арналған саймандарды пайдалану арқылы пәтерлерді тонаған ұрыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасқөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, "Есіл" аудандық ІІБ-на пәтерінің тоналғанын айтып әйел адам хабарласқан. Полиция қызметкерлері үш күдіктіні ұстады - Қостанай облысының 24 жастағы екі тұрғыны мен Арқалық қаласының 27 жастағы тұрғыны. Ұсталғандар кінәларын мойындады.

"Тұрғын үйге кірген олар адам тұрмайтын пәтерлерді анықтаған. Өздері көздеген пәтер 13-ші қабатта болған соң олар альпенистердің саймандары арқылы балконға кірген", - деді ІІД өкілдері.

Пәтерге кірген ұрылар дәл сол жломен қайта шыққан. Сондықтан да олар ақша мен әшекей бұйымдарды ғана әкеткен. Мәлімет бойынша, пәтерден көп сомадағы ақша әкетілген.

Ұсталғандар осы құралдар арқылы бірнеше пәтерді тонаған болуы мүмкін. Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 188-бабы "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.   

Полицейлердің айтуынша, пәтер тонау қылмыстық істердің ішіндегі ең көп таралған түрі. "Астаналықтар үйлерін пультті күзет арқылы қауіпсіздікпен қамтамасыз ете алады", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети