02 наурыз 2017 13:53

Астанада сотталған күйеуіне атыс патрондарын алып кірмек болған әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топтың сотталған мүшесіне атыс патрондарын сөмкемен алып кірмек болған әйел ұсталды, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада ұйымдасқан қылмыстық топтың сотталған мүшесіне атыс патрондарын сөмкемен алып кірмек болған әйел ұсталды, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада Ұлттық әскери қызметшілері сотталған адаммен кездесуге келген әйелдің сөмкесін тексеру кезінде Макаров тапаншасының 17 атыс патронын тапты.

"1 наурызда ЕЦ-166/10 мекемесіндегі ұзақ уақыт кездесу бөлмесінде ҚР Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығының бақылаушысы сержант Зәуреш Бексаринова сотталған күйеуімен кездесуге келген А. деген азаматшаны тексеру кезінде сөмкесінен Макаров тапаншасының 9 калибрлік 17 атыс патронын анықтады. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шақыртылды", - делінген ведомство хабарламасында. 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіндегілердің айтуынша сотталған адам ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған.

"Сотталған П. осы мекемеде жыл басынан бері жазасын өтеп жатыр, ол қарақшылық шабуыл жасағаны үшін бірнеше бап бойынша 9 жылға сотталған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Атыс патрондарының қандай мақсатта қолданылмақ болғанын тергеу анықтайды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети