1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Астанада сүйіктісін азаптаған әйелге қатысты сот үкімі шықты

Астананың Есіл аудандық №2 сотының судьясы Қанат Тобағалиұлы әйелге қатысты даулы іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сүйіктісіне ауыр зардап келтірді деп айыпталған астаналық әйелге қатысты сот тыңдауы жабық тәртіпте өтті. Үкім оқылғанда ғана БАҚ өкілдері қатыса алды.

"Сот Н.-ды ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-пункті бойынша айыпты деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырады, ол жазасын орта деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін. ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабына сәйкес, жаза мерзімі үш жылға шегерілсін", - деп оқыды үкімді судья Қанат Тобағалиұлы.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде күдікті әйелдің суретін бар құжат пайда болған еді. Онда астаналық әйелдің өз сүйіктісіне ауыр зақым келтіргені айтылады. Істің өзге мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмеген.