18 қаңтар 2017 12:30

Астанада үш жігіт такси жолаушыларын тонап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА © РИА

Астанада үш жігіт такси жолаушыларын тонауды жоспарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанада үш жігіт такси жолаушыларын тонауды жоспарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ішкі істер департаментіндегілер бейнебақылау камераларын қарап отырған уақытта жедел әрекет ету басқармасының инспекторы құқықбұзушылықты байқаған. 

"Оқиға орнына автопатрульдер жіберілген, олар Мұстафин көшесінің бойында ұрлық жасаған бірнеше адамды ұстаған. 15 қаңтарда таңғы бесте екі ер адам кафе маңында болып, жақын тұрған көліктің жүргізушісіне ақысына үйге жеткізіп тастауды сұраған. Үйге жетіп, көліктен шыққан уақытында, оларға белгісіз үш адам жүгіріп келіп, күш қолданып, жеке заттарын алып кеткен, яғни құжаттары мен ақшасын", - деп хабарлады ұрлықтың мән-жайын Астана қалалық ІІД өкілдері.  

Қаскүнемдер оқиға орнынан зардап шеккендер мініп келген көлікпен сытылып кетпекші болыпты. Полиция мәліметінше, жүргізуші ұрылармен сыбайлас болған. Осы оқиғаның қатысушыларының барлығы ұсталды. 

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары "Тонау" бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар Астана ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына жабылған. Олар Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары екені анықталды. Заттай айғақтар тәркіленген. Олардың қала аумағында болған басқа да қылмыстарға бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді ІІД-дегілер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети