30 қыркүйек 2016 15:52

Астанада велосипед ұрлағандар видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада видеобақылау камералары көппәтерлі үйлерден велосипед ұрлау сәттерін түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада видеобақылау камералары көппәтерлі үйлерден велосипед ұрлау сәттерін түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші видео 29 қыркүйекте жарияланған болатын. Видеоның кадрларында екі жігіттің лифтке кіргені, содан кейін велосипедті ұстап тбаспалдақпен түскен сәттері бар. Кейінірек олар шығаберістен шығып біреуі ұрланған велосипедті теуіп кетеді.

Тағы бір видеода екі жігіт екі велосипедті көппәтерлі үйдің паркингінен ұрлап кеткен. Оқиға 25 шілде күні болған. "Велосипедтеріңізді қоғамдық жерлерде қалдырмаңыздар, көріп отырғанымыздай, қауіпсіз емес. Бақылау камералары мен күзетшілер ұрылардың әрекетіне тоқтау бола алмайды", - деп жазған видео авторы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети