Астанадағы вокзал маңынан және сауналардан 40 жезөкше ұсталды

17 Сәуір 2017, 15:34
0
Астанадағы вокзал маңынан және сауналардан 40 жезөкше ұсталды - © medium.com
© medium.com

Елордалық полицейлер Астана вокзалы маңында жеңгетайлықпен айналысқан 21 жастағы ер адамды ұстады. Полицейлер үш күнде ақылы интим қызметін көрсететін шамамен 40 қызды ұстаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгісіз бір ер адамның Астанадағы вокзал аумағында жүріп, ер адамдарға ақылы қызмет көрсететін қыздарды ұсынып жүргені жайлы дерек 13 сәуірде тіркелген.

Сол күні Астана қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес қызметіндегілер мен Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Гете көшесінде орналасқан үйде осыған дейін сотты болған 21 жастағы тұрғын ұсталды.

"13-15 сәуір аралығында Астана қаласындағы вокзал аумағында, қонақүйлерде, сауналарда жүргізілген іс-шаралар барысында ақылы қызмет көрсететін 40-қа жуық қыз ұсталып, Астана қалалық ІІД-не жеткізілді. ЖҚТБ орталығы қыздарды ЖИТС вирусына тексеру үшін қан сараптамасын алды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, жезөкшелікпен айналысуға тарту дерегі анықталды. Қазақстандық 18 жастағы қыз оны жезөкшелікпен айналысуға тартқаны жайлы арыз қалдырған. Адам саудасының құрбаны болған қыз ретінде ол "Қорғау" жекеменшік қорына жіберілді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай