15 ақпан 2017 17:07

Астанаға есірткі тасымалдаған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанаға есірткі тасымалдаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанаға есірткі тасымалдаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қалалық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 14 ақпанда елорда аумағына есірткі заттарын тасымалдаумен айналысатын қылмыстық топты ұстады.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Талғат Сейілхановтың айтуынша, Ақкөл қаласында осыған дейін есірткіні заңсыз сатқаны үшін сотты болған қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен басшысы 1975 жылғы азамат ұсталды. Одан 3 келі 835 грамм героин тәркіленді.

"Сондай-ақ, осы уақытта Астана қалалық полицияның қызметкерлері осы ұйымның тағы екі сыбайласын ұстады - 1980 жылғы және 1977 жылғы азаматтар. Олардан 80 граммнан аса героин тәркіленді", -деді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

"Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабы ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)", 262-бабы ("Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу"), 296-бабы ("Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу") және 297-бабы бойынша ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") қылмыстық іс қозғалды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта ұсталғандар Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети