10 қазан 2020 12:43

Астанада үйді тонап кеткен ресейлік бала күтуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Полицейлер астанада үйді тонап кеткен ресейлік бала күтушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Полицейлер астанада үйді тонап кеткен ресейлік бала күтушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Полицейлер 36 жастағы Ресей азаматшасын ұстады. Ол асталық отбасында күтуші болып жұмыс істеп, олардың үйде жоқтығын пайдаланып, алтын сақина, әтір мен жалпы құны 400 мың теңге болатын жеке заттарын қолды қылған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің мекенжайын анықтады. Күдікті әйел ұрланған заттарды сатып, Алматыға кетіп қалған, сол жерде ол үй күтушісі болып жұмысқа тұрған", - делінген хабарламада. 

Елордаға әкелінген әйел кінәсін мойындады. Оның бұрын сотталғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұрын елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға әйелдің қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети