23 маусым 2016 17:11

Астаналық тұрғын Facebook желісінде жалған жазба жазғаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© hronika.info © hronika.info

Астана тұрғыны Facebook әлеуметтік желісінде өз пәтерінің тоналғанын және бұл қылмысқа екі адамның қатысы барын айтып, жазба қалдырған. Кейін ол тонады деп көрсеткен екі азаматты сот ақтады. Осылайша, желіде жазба қалдырған қолданушы әйел ҚР Қылмыстық кодексінің "Жала жабу" бабы бойынша бір жылға бас бостандығынан шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шешімді №3 Есіл аудандық соты шығарды. "Биылғы 2 наурызда Бисенғалиева Г.-ның қоғамның назарын өз проблемасына аудару үшін Facebook әлеуметтік желісінде Ақанов Е. мен Әбден Н. деген азаматтардың суреттерін жариялап, оларды Астанадағы пәтерін сенімге кіру және алдау жолымен тонады деп айыптады. Сот отырысының барысында сотталушы бұл азаматтардың әрекетін хабарлағысы келгенін айтты. Жәбірленуші Ақанов Е. мен Әбден Н. деген азаматтардың қылмыстық құқықбұзушылықты жасамағаны анықталды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Сонымен қатар, мұндай жазбаның жарияланғанына скриншоттардың дәлел екендігі айтылады. Бұл шешімге қатысты апелляция алқасы қарап, бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырған. Үкім заңды күшіне енді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 472.62   490.7   5.4 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети