Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Астананың 20 саунасынан жеңгетайлар анықталды

30 Шілде 2014, 15:38
0
©Komikz.ru
©Komikz.ru

Астананың 20 саунасынан жеңгетайлар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жылдың басынан бері жеңгетайлықтың 30-дан астам дерегін әшкереледі, оның 20-сы - қала сауналарынан", - делінген хабарламада.

Полиция Астанада "STOP- трафик" республикалық жедел алдын алу шарасын жүргізіп жатыр. Мақсаты - адам саудасы деректерін анықтау, алдын алу, жолын кесу.

Рейд шараларының барысында Астана сауналарының бірінде 53 жастағы әйел ұсталды, ол клиенттерге 23 жастағы қыздың интимдік қызметін ұсынған. Жеңгетай бұл қызметі үшін сыйақы алған. Аталған саунадан ақылы интимдік қызмет көрсетіп жүрген тағы екі қыз ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Жеңгетайлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйелден ешқайда кетпеуі туралы қолхат алынды. Тергеу жүріп жатыр.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай