12 қазан 2017 11:14

Атбасар ауданы әкімінің ұсталуы: Полиция подполковнигі қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атбасар ауданы әкімі А.Никишовтың ісіне қатысты Атбасар аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атбасар ауданы әкімі А.Никишовтың ісіне қатысты Атбасар аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ақмола облысындағы Атбасар ауданының әкімі А.Н.Никишовқа қатысты қылмыстық істі тергеу барысында Атбасар аудандық ІІБ басшысы полиция подполковнигі Ш.А.Түбековтің қылмысы әшкере болды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тергеу кезінде биылғы маусым мен тамыз айларының аралығында Ш.А.Түбековтің ХПП Лана" ЖШС директоры Е.Р.Шәйкеновадан көшін-қон заңнамасын бұзу дерегі бойынша жауапқа тартпау үшін жүйелі түрде пара алып отырғаны анықталғаны айтылады.

"400 мың теңге сомасындағы параның кезекті бөлігін алғаннан кейін Ш.А.Түбековтің қылмысы әшкере болып, 11 қазанда  Көкшетау қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалған. "

Ал Е.Р.Шәйкеноваға қатысты айыбын толықтай мойындағанына байланысты ұстау шарасы жүзеге асырылмаған. Соталды тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, Ақмола облысындағы Атбасар ауданының әкімі А.Никишов жүйелі түрде пара алып отырған деген күдікпен ұсталған еді. Заңсыз сыйақыларды аудан әкімінің үлестес кәсіпкерлерден жалпылама қорғаншылық жасау, мемлекеттік сатып алу конкурстарында мүдделерді лоббилеу және басқа да істер үшін алынып отырғаны айтылады. Әкімнің пара алуына оның орынбасары А.Серкебаев белсенді түрде астыртын дем берген делінеді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети