06 желтоқсан 2016 13:15

Атырау облысында Sinooil жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандардың бірі сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Атырау облысында Sinooil жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандардың біріне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық Жылой аудандық сотына сілтеме жасап.


Атырау облысында Sinooil жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандардың біріне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық Жылой аудандық сотына сілтеме жасап.

Атырау облысының аудандық сотында "Қарақшылық" бабы бойынша айыпталған ер адамға  сот үкімі шықты. Іс бойынша екі адам өтіп жатыр. Іс материалдары бойынша, сотталушылар Құлсары қаласында орналасқан Sinooil № 8 жанармай бекетіне шабуыл жасаған. Ішке кіргенде, ер адамның біреуі күзетшіге мылтық тақаған. Осы кезде екінші айыпталушы кассирге пышақ көрсетіп, кассадан 23 мың теңгені алып кеткен. Осыдан кейін екеуі де оқиға орнынан қашып кеткен. 

Осы қылмысты жасағандардың біріне қатысты бөлек іс жүріп жатқаны айтылады. Екінші сотталушының кінәсі дәлелденді. "Сот үкімімен оған ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1-тармағы ("Қарақшылық") бойынша кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - деді Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметіндегілер.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети