06 ақпан 2018 13:05

Атырау облысында ақша бопсалаған салафиттер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қылмыстық топтың әрекетіне тоқсауыл болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"31 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Атырау-Астрахан, Атырау-Орал, Атырау-Бейнеу халықаралық және қалааралық бағыттағы тасымалдаушылардан жүйелі түрде екі жыл уақыт бойы бопсалау арқылы ақша алып жүрген топты ұстады. Осы бағыттар бойынша шамамен 200 көлік жүрген. Ай сайын жүргізушілерден 5 000 - 25 000 теңге көлемінде ақша алып отырған", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ұсталғандардың деструктив бағыттағы бейдәстүрлі салафизм діни ағымын ұстанатыны айтылады. Қылмыстық құқықбұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі 2-тармақтары бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Алты адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети